ПӘК кабинетінде барлық АИТВ / ЖИТС - ке тексерілуге келушілер тестке дейін және тесттен кейін кеңес алады. Клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ - ға тестілеуге жіберіледі. АИТВ - ға тестілеу себептері туралы келушілерге түсіндіреді және АИТВ / ЖИТС туралы қысқаша мәлімет беріледі: жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБЖ), алдын - алу шаралары, АИТВ - ға тестілеудің маңыздылығы, АИТВ жұқтыру қаупін бағалау, эмоциялық жауапты және кейінгі ықтимал салдары туралы ақпарат беріліп және тест нәтижелері туралы хабарлайды. Сондай - ақ, осал топтар арасында АИТВ және ЖЖБИ жұқтыру қаупін азайту бойынша дайындықтан өтеді. АИТВ / ЖИТС - мен байланысты медициналық және әлеуметтік - құқықтық мәселелер бойынша АИТВ жұқтырған адамдарға және осал топтартар арасында консультациялық көмек көрсетіледі.