БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні
«ЖИТС-ті жеңу қолжетімділікті қамтамасыз етуден басталады»
Жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай биылғы жаһандық науқан 25 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «ЖИТС-ті жеңу қолжетімділікті қамтамасыз етуден басталады» ұранымен өтеді. Науқанның басты мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу, оны ерте анықтау, емдеу және медициналық-әлеуметтік қолдау қызметтерінің баршаға қолжетімді болуының маңызын көрсету.
Шымкент қаласының ЖИТС орталығы тұрғындардың АИТВ-ның алдын алу шараларына, уақтылы диагностикаға, емдеуге және сапалы медициналық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Емдеудің қолжетімділігі және өмір сапасы
Қазіргі таңда орталықта есепте тұрған пациенттердің 94%-ында вирустық супрессияға қол жеткізілген. Бұл – антиретровирустық терапияның (АРТ) тиімділігін және емді үздіксіз қабылдаудың маңызын көрсететін айрықша көрсеткіш. Орталықта тиімділігі жоғары, жаңа технологиялар негізінде әзірленген және ұзақ уақыт қолданғанда жағымсыз әсерлері төмен препарат емдеу тәжірибесіне енгізілді. АРТ сызбалары да пациенттерге барынша қолайлы бола түсті: бұрын бірнеше таблетканы күніне екі рет қабылдау қажет болса, қазіргі таңда көп жағдайда күніне бір рет бір таблетка қабылдау жеткілікті. Мұндай тәсіл емді сақтауды жеңілдетіп, пациенттердің өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Заманауи зертханалық диагностика
Зертханалық тәжірибеге заманауи зерттеу әдістері мен анализаторлардың енгізілуі пациенттердің иммундық жағдайын дәлірек бағалауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері дәрігерлерге клиникалық жағдайды жан-жақты саралауға, емдеу тактикасын уақтылы айқындауға және терапияның тиімділігін тұрақты бақылауға көмектеседі.
АИТВ-ғатестілеу – инфекцияныертеанықтаудыңмаңыздықадамы
АИТВ-ға тестілеуден өту – инфекцияны ерте анықтаудың және қажетті медициналық көмекті уақтылы алудың маңызды жолы. Осыған байланысты орталықта АИТВ-ға өзін-өзі тестілеу әдісі енгізілді.
Бұл әдіс АИТВ жұқтыру қаупі жоғары адамдарға медициналық ұйымға бармай-ақ, үй жағдайында жедел тест арқылы шамамен 20 минут ішінде алдын ала нәтиже алуға мүмкіндік береді.
Тестнәтижесіоңболғанжағдайда, онықосымшатексеруденөткізіп, растауқажет. Мұнытек ЖИТС орталығындағанаемес, қаладағыалғашқымедициналық-санитариялықкөмекұйымдарында, жастарденсаулықорталықтарындажәнеүкіметтікемесұйымдардыңсенімбекеттеріндедежасауғаболады.
Жанасуға дейінгі профилактика
Орталықта АИТВ жұқтыру қаупін төмендетуге бағытталған жанасуға дейінгі профилактика (ЖДП, PrEP) да жүргізіледі. Бұл – АИТВ жұқтырмаған адамдарға инфекцияның алдын алу мақсатында дәрігердің ұсынымы бойынша берілетін антиретровирустық препараттар. Қазіргі уақытта орталықтың Достық кабинетінде АИТВ жұқтыру қаупі жоғары адамдар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес ЖДП қызметін ала алады.
Алдын алу – ортақ жауапкершілік
Шымкент қаласының ЖИТС орталығының бас дәрігері Б. Сырбек АИТВ-ның алдын алу бағытындағы жұмыстың маңызын атап өтті:
«Бүгінде Шымкент қаласында АИТВ инфекциясының алдын алу, халықтың ақпараттану деңгейін арттыру, тестілеумен қамту және медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Антиретровирустық терапияға қолжетімділіктің артуы АИТВ-мен байланысты аурушаңдық пен өлім-жітімді төмендетуге ықпал етті. Емді тұрақты қабылдау АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толыққанды өмір сүруге және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жүкті әйелдер арасында АИТВ-ны уақтылы анықтау және алдын алу шараларын жүргізу инфекцияның анадан балаға берілу қаупін төмендетуде ерекше маңызға ие. Сонымен қатар жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын нығайтуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық жұмыстар күшейтілуде. Қазіргі таңда Шымкент қаласында жастарға салауатты өмір салтын ұстануға, психологиялық әл-ауқатын нығайтуға және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша кеңес алуға көмектесетін 9 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Біз жастар ресурстық орталығы және Жастар денсаулық орталықтарымен бірлесіп, жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулық, психологиялық саулық, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу жөніндегі ақпараттануын арттыруға, денсаулықты сақтауға бағытталған дағдыларын қалыптастыруға үлес қосып келеміз».
АИТВ-ның алдын алу, тестілеуден уақтылы өту және емді үздіксіз қабылдау – әр адамның денсаулығын қорғауға және қоғамның салауатты болашағын қалыптастыруға бағытталған ортақ қадам.
Қолжетімділік – алдын алудың, емдеудің және салауатты болашақтың кепілі!

