19.02.2026ж Шымкент қаласы №112 Б. Садықов атындағы негізгі орта білім беретін мектеп Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС–тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Д. Ибайдуллаевамен дәріс өткізілді.
Іс шараның мақсаты — жастар арасында АИТВ инфекциясын алдын алу және денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау.
АИТВ – инфекциясын жастар арасында алдын алу АИТВ–мен өмір сүретіндерді кемсіту мен таңбалаудан қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бейнероликтер көрсетілді, парақшалар, брошюралар таратылды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп қанағаттандырылды.

