24.02-26.02.2025 жыл аралығында Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» МКҚК мамандарымен № 3 Шымкент қалалық емхана медицина қызметкерлері арасында «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің профилактикасы», «АИТВ-инфекциясын диагностикалау, алдын алу, емдеу және біріктірілген аурулар» және «АӨА және ХНТ стигма және кемсітушіліктер» тақырыбында семинар өткізіліп, №1-162 сертификаттар берілді.