ЖИТС орталығында медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі мақсаты – АИТВ-инфекциясын ерте диагностикалау, тиімді емдеу, алдын алу, сапалы, қолжетімді және үздіксіз медициналық көмек көрсету, сондай-ақ пациенттердің өмір сүру ұзақтығы мен сапасын жақсарту.
Қазіргі таңда ЖИТС орталықтарында медициналық көмекті ұйымдастыру пациентке бағдарланған кешенді тәсілге негізделеді. Оның негізгі бағыттарына ерте диагностика, антиретровирустық терапияның (АРТ) қолжетімділігі, цифрлық технологияларды енгізу, тиімді профилактика, сондай-ақ заманауи коммуникациялық құралдарды пайдалану жатады. Бұл тәсілдер АИТВ-инфекциясының таралуын төмендетуге, емнің тиімділігін арттыруға және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
ЖИТС орталығында қолданылатын заманауи тәсілдер:
1. Пациентке бағдарланған медициналық көмек
-
Әрбір пациент үшін жеке емдеу жоспарын әзірлеу.
-
Психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету.
-
Пациенттің құқықтары мен медициналық құпиялылықты сақтау.
-
Емге бейілділікті (адгезияны) арттыруға бағытталған тұрақты сүйемелдеу.
2. Антиретровирустық терапияны (АРТ) кеңінен қолдану
-
АИТВ-инфекциясы анықталғаннан кейін емдеуді мүмкіндігінше ерте бастау.
-
Пациенттерді антиретровирустық препараттармен үздіксіз қамтамасыз ету.
-
Вирустық жүктеме мен иммунологиялық көрсеткіштерді тұрақты бақылау арқылы емнің тиімділігін бағалау.
3. Мультидисциплинарлық тәсіл
-
Инфекционист, терапевт, психолог, әлеуметтік қызметкер және басқа да мамандардың үйлесімді жұмысы.
-
Қатар жүретін ауруларды кешенді диагностикалау және емдеу.
-
Пациентке медициналық, психологиялық және әлеуметтік қолдауды бірлесіп ұйымдастыру.
4. Скрининг және ерте диагностика
-
АИТВ-ға ерікті, құпия және қолжетімді тестілеуді ұйымдастыру.
-
Қауіп топтарын жүйелі түрде тексеру.
-
Анадан балаға АИТВ-инфекциясының берілуінің алдын алу мақсатында жүкті әйелдерді міндетті скринингтен өткізу.
5. Цифрлық технологияларды енгізу
-
Электрондық медициналық карталарды пайдалану.
-
Телемедицина арқылы кеңес беру қызметін дамыту.
-
Емді бақылауға және пациенттерді мониторингтеуге арналған электрондық жүйелерді қолдану.
6. Профилактикалық бағдарламаларды дамыту
-
Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
-
Қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын насихаттау.
-
Байланысқа дейінгі профилактиканы (PrEP) және байланыстан кейінгі профилактиканы (PEP) кеңінен қолдану.
7. Эпидемиологиялық мониторинг
-
АИТВ-инфекциясының таралуын тұрақты эпидемиологиялық бақылау.
-
Жиналған деректерді талдау негізінде профилактикалық іс-шараларды жетілдіру.
-
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау және болжау.
8. Маркетинг және цифрлық коммуникациялар
Заманауи ЖИТС орталықтарының қызметінде халықпен тиімді байланыс орнату үшін цифрлық коммуникациялар кеңінен қолданылады.
SMM (Social Media Marketing) – әлеуметтік желілер арқылы ақпарат тарату және аудиториямен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын цифрлық маркетингтің бағыты.
Негізгі құрамдастары:
-
Instagram, TikTok, Facebook және басқа әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларды жүргізу;
-
сапалы ақпараттық және ағартушылық контент әзірлеу;
-
орталық қызметтері туралы халықты ақпараттандыру;
-
аудиториямен кері байланыс орнату және сенімді қарым-қатынас қалыптастыру.
Веб-аутрич (Web Outreach) – қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік жұмыс және цифрлық коммуникациялардың тоғысындағы бағыт.
Негізгі міндеттері:
-
онлайн-консультациялар ұйымдастыру;
-
интернет пен әлеуметтік желілер арқылы мақсатты топтарды қамту;
-
АИТВ-инфекциясының алдын алу, тестілеу және ем алу мәселелері бойынша ақпараттандыру;
-
пациенттерді онлайн сүйемелдеу және қажетті қызметтерге бағыттау;
-
мессенджерлер, веб-сайттар және әлеуметтік желілер арқылы тиімді коммуникация жүргізу.
ЖИТС орталығы жағдайында веб-аутрич – бұл әлеуметтік жұмыс, қоғамдық денсаулық сақтау және цифрлық коммуникацияларды біріктіретін маңызды құрал болып табылады.
Заманауи медицинада АИТВ-инфекциясы бұрынғыдай өлімге әкелетін немесе емделмейтін ауру ретінде емес, арнайы антиретровирустық терапияның арқасында тиімді бақылауға болатын созылмалы вирустық инфекция ретінде қарастырылады. Уақытылы диагностика, үздіксіз ем қабылдау, пациентке бағдарланған қызмет көрсету және заманауи цифрлық технологияларды қолдану АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру ұзақтығы мен сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері А.Сагимбекова


