Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен Шымкент қаласының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департиментімен бірлескен бұйрығын іске аксыру және медициналық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру мақсатында «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияның алдын алу» тақырыбында, 2025 жылдың 24-ші желтоқсанында кесте бойынша «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының» штаттан тыс бас эпидемиологы Алимбаева Гүлмира Сейсеновна «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықта» семинар өткізді.
Семинар барысында Г. С. Алимбаева «Инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау», «Қол гигиенасын жақсарту үшін медициналық ұйымның өзін-өзі бағалау құралы» және «Ауа тамшылары арқылы жұғатын инфекциялар: тұмау (ЖРВИ), жедел респираторлық вирусты инфекциялар, қызылша (корь) т.б. алдын алу мақсатында бетперделік тәртіпті қатаң түрде сақтау туралы» тақырыптарында баяндама жасады. Баяндама интерактивті тәсілмен жүргізілді (слайдтар, сұрақ-жауап тәсілі қолданылды).
Бас маман оқыту процесінде орталықтың барлық қызметкерлерінің оны белсенді қатысуына, білгендері туралы рефлексия жасай алуларына, жүзеге асыра білулеріне ықпал етті, орталықтың емдеу бөлімі мен диагностикалық зертхана мамандарына ұйымдастырушылық әдістемелік көмек көрсетті.

