«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

ЖИТС орталығында антиретровирустық препараттар (АРТ) «АИТВ инфекциясы» диагнозы расталған науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) бойынша тегін беріледі.
Дәрілер Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, диспансерлік есепке алынғаннан кейін рецептілер бойынша босатылады.
АРТ тағайындау алдында науқас толық медициналық тексеруден өтеді. Клиникалық, зертханалық көрсеткіштері бағаланып, дәрігер инфекционист емдеу сызбасын жеке таңдайды. Дәрілер тек дәрігердің рецепті және бақылауымен беріледі.
Дәріні алу үшін науқас ЖИТС орталығына белгіленген мерзімде келіп, медициналық қызметкерден кеңес алады. Емнің негізгі шарты - дәрілерді күн сайын, үзбей және дәл уақытында қабылдау. Бұл вирустық жүктемені төмендетіп, иммунитетті сақтауға және аурудың асқынуын болдырмауға көмектеседі.
ЖИТС орталығының мамандары науқастарға медициналық көмек қана емес, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетеді. Емге бейімділікті арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
2025 жылы Қазақстанда жаңа технологиямен дайындалған, тиімділігі жоғары, уыттылығы төмен, ұзақ уақыт қолданғанда да жанама әсері төмен «Рилпивирин, Тенофовира алафенамид, Эмтрицитабин» препараты енгізілді. 
2025 жылдың 1 тоқсанында Шымкент қалалық ЖИТС-орталығының мамандарымен жаңа препарат туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, сәуір айынан бастап, пациенттерді емдеуде қолданыла бастады.
Ж.А.Данышбаева ЖИТС орталығының терапевт дәрігері