«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shymaids.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.185): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/shymaids.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Алматы қаласында 2025 жылдың 17-18 сәуірінде облыстық және Алматы, Астана, Шымкент қалаллық АИТВ-ның алдын алу орталықтарының, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың қатысуымен «АИТВ-инфекциясының алдын алу ісінде мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың әріптестігін нығайту» атты кеңес алаңы өткізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастыруымен ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күреске арналған Жаһандық қордың KAZ-H-RAC/3508 «2024-2026 жж. кезеңінде Қазақстан Республикасында халықтың түйінді топтары арасында АИТВ індетін тежеу бойынша тұрақты стратегиялық шараларды іске асыру» гранты шеңберінде өткізілді.

ЮНЭЙДС 2030 жылға АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 95%-ы өздерінің АИТВ-статусын білуі тиіс, АИТВ-статусын білетін адамдардың 95% - ы АРВ қабылдауы қажет, АИТВ-дан ем алушылардың 95% - ы вирустық жүктемеге тест тапсыруы керек деген мақсат қойған.Осы мақсатқа жетудегі алғашқы маңызды қадам – АИТВ-ға тестілеу ауқымын кеңейту, әсіресе халықтың негізгі топтарына тестілеуге қолжетімділікті қамтамассыз ету болып табылады.

Шымкент қаласының ЖИТС орталығының бас дәрігері Б.Сырбек «ҮЕҰ базасында, далалық жағдайларда, сенім пункттерінде тестілеуді кеңейту» тақырыбында баяндама жасады. Бас дәрігер баяндамасында жанасуға дейінгі профилактикаға клиенттерді тарту және жаңа жағдайларды анықтаудағы кедергілер мен жеткен жетістіктерге тоқталды.

Атап айтқанда 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда АИТВ – мен өмір сүретін адамдар арасында профилактикалық жұмыстар күшейтілді, әртүрлі шаралар жасалынды, Шымкент қаласы бойынша АИТВ-мен өмір сүретіндердің статистикалық мәліметтері талданды, АИТВ-ға тестілеуді және жанасуға дейінгі профилактиканың (ЖДП) қамтуын арттыру үшін негізгі мақсаттар анықталды, әлеуметтік желілер мен семинарларды пайдалана отырып, ақпараттық науқан өткізілді, 2023 жылдан бастап АИТВ, AРT және ЖДП бойынша шақырылған кеңесшілермен тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Соның ішінде 2024 жылы Жаһандық қордың қолдауымен 2 дөңгелек үстел өткізілді.

Соңғы 10 жылда Шымкент халқының саны 682 565-тен - 1 222 066 адамға өсті. Қаланың шекарасы 3 әкімшілік ауданнан 5 әкімшілік ауданға дейін кеңейтілді. Қаладағы медициналық ұйымдар жанындағы сенім пункттері 2023-2024 жылдары жабылды. Бүгінгі таңда ЖИТС орталығында 2 Сенім пункті (оның ішінде 1 стационарлық және 1 жылжымалы) және ҮЕҰ-да 1 сенім пункті жұмыс істейді. Қалада ЖИТС орталығы біреу және қаланың ескі бөлігінде орналасқандықтан олардың сұранысы бойынша қалада Денсаулық сақтау басқармасының ықпалымен 5 «Жастар денсаулық сақтау орталықтары» ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен кесте бекітіліп, жаңа мөлтекаудандардағы адамдар арасында АИТВ-ны алдын алу үшін Жастар денсаулық сақтау орталықтарында ЖИТС орталығының мамандары қабылдау жүргізіп жатыр.

Достастық кабинетінің жұмыс кестесі оңтайландырылды. Біріншіден клиенттерге келу кестесіндегі оңтайлы қабылдау сағаттары анықталды. ҮЕҰ клиенттері үшін бөлек күндер мен сағаттар бөлінді. Ауруларды бақылау және алдын алу ғылыми орталығының ұсынымдарына сәйкес Достастық кабинетінің жылжымалы жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін белгіленді.

ЖИТС орталығы мен ҮЕҰ бірлесіп ұйымдастырған жылжымалы тестілеу пункті іске қосылып, команда құрылды. Команда құрамына инфекционист дәрігерлер, эпидемиологтар және Достастық кабинетінің қызметкерлері кірді. Жылжымалы сенім пунктімен халықтың негізгі топтары шоғырланған жерлерге үздіксіз барып профилактикалық жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар клиенттерге ыңғайлы болу үшін ай сайын демалыс күндері «Ай-ана» ҮЕҰ кеңсесіне келу үшін жылжымалы сенім пункті ұйымдастырылды.

Осындай атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы АИТВ жаңа жағдайлар саны екі есе өсті. Әсіресе халықтың негізгі тоб өкілдеріне профилактикалық шаралармен қамту көрсеткіштері көбейді, АИТВ-позитивті болғандары қазіргі таңда ем қабылдауда, сонымен қатар оларға ЖДП да жүргізіліп жатыр.

«ЖИТС орталығы мен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастық қызмет көрсету сапасын жақсартады, АИТВ-ға тестілеуді кеңінен қамтуға ықпал етеді. АИТВ-ға тестiлеудi кеңейту және бiрлескен ақпараттық науқандар хабардарлықты арттырады. 95-95-95 мақсаттарына қол жеткізу үшін біз ҮЕҰ-мен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниеттіміз», - деп қорытындылады Б.Сырбек.

Автор: Э.С. Ахмедова ЖИТС орталығының маманы