Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК бірлесіп 10.11.2026ж. Шымкент қаласы Қазақстан жоғары медициналық колледжінде дәріс өткізілді.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі А.Джарасбай дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Қатысушыларға АИТВ және ЖИТС туралы түсінік беру, олардың айырмашылығын, жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Дәрістің барысы: Дәріс барысында қатысушыларға АИТВ және ЖИТС туралы негізгі ақпарат беріліп, олардың айырмашылығы түсіндірілді. Инфекцияның жұғу жолдары, жұқпайтын жағдайлар, алдын алу шаралары және емделудің маңыздылығы айтылды.
Қатысушылардың тақырыпқа қызығушылығын арттыру мақсатында сұрақ-жауап жүргізілді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.
Нәтижесі: Дәріс нәтижесінде қатысушылар АИТВ және ЖИТС туралы білімдерін толықтырып, инфекцияның жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсінді. Денсаулықты қорғаудың маңызын түсінді
Автор: А.К.Джарасбай педагог

