Шымкент қаласының №6 емханасындағы Жастар денсаулық сақтау орталығында ЖИТС орталығының мамандармен бірлесіп, жастардың арасында ерте жүктілік, жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықты алдын алу және АИТВ-ның өзекті мәселелері мақсатында іс шара өткізілді.
Іс – шараның мақсаты: жастар арасында ақпараттандыру деңгейін арттыру, ерте жүктілікті, жыныстық жолмен берілетін ауруларды және зиянды мінез-құлықты алдын алу, жыныстық жетілудің ерекшеліктері, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, АИТВ алдын алу.
Гинеколог дәрігер жасөспірімдер арасында ерте жүктілікті алдын алу шаралары жайында айтып, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) салдарына тоқталды.
ЖИТС орталығының психолог маманы Д.Ж.Кутмамбетова студенттерге психологиялық саулықты сақтау жолдары жайында түсінік берді. Дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова жастарға қысқаша АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясының негізгі жұғу жолдары мен алдын алу шаралары бойынша ақпаратпен бөлісті. Маман аталмыш шараның маңыздылығына баса назар аударып, «Жастар арасында жыныстық және репродуктивтік денсаулыққа аса мән беру, әлеуметтік және экономикалық маңызы зор, себебі АИВ-инфекциясы басқа ЖЖБИ, қажет емес жүктілік және түсік жасау отбасы мен қоғам үшін ауыр жағдай, дегенмен ондай ауыр жағдайды алдын алуға болады», - деді.
Автор: А.Т. Байкасова эпидемиолог дәрігер

