Репродуктивті денсаулық апталығы аясында 2025 жылдың 12 мамыр мен 16 мамыр аралығында Шымкент политехникалық колледжінде 1 курстың 145, 1032, 134 топ студенттер арасында «Репродуктивті денсаулық мәселелері» тақырыбында дәрістер оқылды.
Іс- шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігері М.Г. Моисеева репродуктивті денсаулық деген не, оның аспектілері, алдын алу және қолдау, репродуктивті құқықтар жайында баяндады. Сондай-ақ, мамыр айының үшінші жексенбісі ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу күніне қатысты АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары, АИТВ-позитивті статусы бар адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік, салауатты өмір салтын ұстану, жыныстық тәрбиенің маңыздылығы туралы ақпарат берді.
Дәріс кезінде бейнероликтер көрсетілді, студенттердің сұрақтарына жауап берілді, материалды қалай меңгергенін байқау мақсатында сауалнама жүргізілді, және балаларға өздерінде бар ақпарат пен білімді дұрыс пайдалана білудің, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қараудың қаншалықты маңызды екенін көрсету мақсатында интерактивті ойын өткізілді.
Жиын соңында М.Моисеева: «Репродуктивті денсаулық – бақуатты өмірдің негізі, оны және соның ішінде АИТВ, ЖЖБИ алдын алу, білім және қоғамдастықтың қолдауы маңызды. Болашақ ұрпақтардың денсаулығы, өмір сүру сапасы және қарым-қатынастардың жалпы үйлесімділігі адамдардың денсаулығы мен олардың ұрпақты болу жасына байланысты. Сіздер өскелең ұрпақтың өкілдері ретінде еліміздің демографиялық және зияткерлік әлеуетісіздер, ал біздің болашағымыз сіздердің денсаулықтарыңызға байланысты» - деп, жастарды дұрыс өмір жолын таңдауға шақырды.
Студенттер өз кезегінде ұрпақты болу, денсаулықтарын сақтау, АИТВ-инфекциясының таралуы, оның алдын алу мәселелерін шешуге қатысты өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді.
1 курс студенті Дмитрий: «Дәріс өте қызықты өтті. Ақпарат түсінікті және пайдалы болды. Әсіресе маған нәтижесі біз үшін күтпеген жайтпен аяқталған қызықты ойын ұнады. Өзім АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, денсаулыққа мұқият және жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсіндім. Ақпарат үшін рахмет» - деп ризашылдылығын білдірді.
1-курс 145 топ студенті Арслан: «Бүгін бізде репродуктивті денсаулық, АИТВ-инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс әсіресе біздің жасымыз үшін өте маңызды және мазмұнды болды. ЖИТС орталығының дәрігері материалды нақты және өмірден мысалдар келтіріп, бізді сынамай, бағаламай барлық сұрақтарға жауап берді» деді.
М. Г. Моисеева ЖИТС орталығының дәрігері