2026 жылдың 13 мамырында Шымкентқаласының №3 орта білім беретің мектепте Жастар денсаулық орталығы,ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы және Облыстық тері-венерология диспансері бірлесіп,ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай және жастардын арасында жыныстық жолмен берілетің аурулардың алдын алу мақсатында дәріс өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты-жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, алдыналу жолдарын түсіндіру,салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қоғамда толерантты көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Іс шара барысында жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, олардың қауіптілігі, алдын алу шаралары, қорғану жолдары және кездейсоқ жыныстық қатынастардан бастарту жайында мәлімет берілді.Жастар арасында бұл ауруларды алдыналу репродуктивті денсаулықты сақтаудың негізі болып табылатындығы түсіндірілді.Жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, қауіпті әдеттерден (есірткі, қорғалмаған жыныстық қатынаст.б.) аулақ болуға шақырылды.
А.Т.Байкасова ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері

