2026 жылдың 5-ші наурызында Шымкент қаласының білім басқармасының «Жол-көлік колледжінде» жастар арасында адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды (ЖЖБИ) алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейту мақсатында ДСБ ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы Білім басқармасымен бірігіп конференция өткізді. Конференцияға Шымкент қаласының білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы, Шымкент қалалық ДСБ-нің Жастар денсаулық сақтау орталықтарының кураторы, ЖИТС орталығының мамандары, кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары, педагогтар, медбике қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: жастар арасында АИТВ туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейту, денсаулыққа жауапты көзқарасты қалыптастыру.
Конференция барысында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының маңыздылығына баса назар аударылып, жұмыстың бағыттары талқыланды. ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Қ.Н. Маширов 2024 жылы Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының (ҚПЗО) 15-19 және 20-24 жастағы жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығының күйіне, олардың жыныстық мінез-құлқына, білім деңгейіне және ақпарат пен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігіне әлеуметтік зерттеу жүргізілгенін, нәтижелер бойынша барлық респонденттердің 11,7%-ы ғана АИТВ туралы дұрыс білетіндерін көрсеткені анықталғаны жайында, (оның ішінде 15-19 жастағы жасөспірімдердің 8,1% -ы және 20-24 жастағы жастардың 19,1% -ы) бұл ретте әр түрлі жас санатындағы респонденттердің 31,8% -дан 60,8% -ға дейін АИТВ-ның берілу, қорғалу жолдары туралы жекелеген сұрақтарға ғана дұрыс жауап бере алғаны жөнінде мәлімдеді. Аталмыш мәселеге байланысты мамандарды АИТВ және ЖЖБИ профилактикасы мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейтуге шақырды.
Профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі У.С.Байдилдаева АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайына шолу жасап, 2025 жылы анықталғандар ішінде жастар үлесі Қазақстан Республикасы бойынша - 16,6%, Шымкент қаласында - 24,6% көрсеткенін мәлімдеді. Маман баяндамасында бұл мәселеде білім беру мекемелерімен бірлесіп, әрекет етудің маңыздылығына тоқталды, оқу орындарының медбикелеріне ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
Шымкент қалалық ДСБ-ның Жастар денсаулық сақтау орталықтарының кураторы А.Т.Досыбаева жастар денсаулық орталығының мақсаттары жайында баяндады. Маман баяндамасында: «Жастар денсаулық орталығы - салауатты өмір салтын насихаттау және жас ұрпақтың өз денсаулығына саналы көзқарас қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жастар денсаулық орталығының жұмысы – дені сау және табысты ұлттың қалыптасуына қосылған үлес. Жастармен салауатты өмір салты туралы ерте сөйлесе бастасақ, олар дұрыс таңдау жасауға көп мүмкіндік алады. ЖДО-ның басты мақсаты – жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығы және психологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру. Бұл жасөспірімдер мен жастардың өздерін мазалаған сұрақтар мен қиындықтармен бөлісуіне мүмкіндік береді. Орталықтың қызметкерлері – сенімді, сыпайы және өз ісінің кәсіби шеберлері, әрбір сұраққа жан-жақты жауап беруге дайын. Орталық ең алдымен репродуктивті және жыныстық денсаулыққа негізделген. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу, жоспарланбаған жүктіліктен сақтану және жалпы репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша кеңес беріледі. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын сақтауды насихаттайды» - деп орталықтың құндылықтарын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар орталығы» РМК 2025 жылдың 12 айында 11-18 жас аралығындағы жастар (29 жасқа дейін) құрылымында 568 АИТВ инфекциясы анықталғанын хабарлайды, бұл ҚР азаматтары арасында тіркелген барлық жағдайлардың 16,6% -ын құрайды. Аурудың өсуiне АИТВ – инфекциясының алдын алу және АИТВ және ЖЖБИ жұқтыру қаупi факторларының болуы мәселелерi бойынша жастардың хабардар болу деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi әсер етедi.
Сонымен қатар психологиялық қолдау көрсетіледі. Эмоционалдық және стресстік жағдайлармен күресуге, өзін-өзі бағалауды арттыру, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру бойынша жеке және топтық консультациялар өткізіледі.

