«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shymaids.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

Жыл сайын 26 маусым – Халықаралық есірткімен күрес күніне орай әртүрлі іс-шаралар өткізіледі, оның мақсаты нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау. Қала жастары арасында онкүндік аясында Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығында семинар мен «Ашық есік күні» өтті.

Сондай-ақ наша тұтынудың ащы зардабын көріп жүрген құрдастарының да пікірлерін өз көздерімен көріп, естіді. Сөз алғандардың қатарында орталықта ем қабылдап жүрген бір науқас өзінің басынан өткізген қиындықтары туралы айтып, жастарды бұл жолдан мүлдем аулақ болуға кеңес берді. Ол өз сұхбатында: «Нашақорлық – денсаулықты құртады, достардан айырады, отбасымен проблемалар болады. Екі-үш рет қолданғаннан кейін тәуелділік пайда болады, нашаға еш жоламаңдар!» – деп, құрдастарына нашақорлықтың салдарын айтып берді.

Сонымен бірге қала тұрғындарына «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шара барысында келушілерге мамандар мен спикерлер психотропты өнімдердің кез-келген түрі қауіпті екенін айтып, кеңес берді. 

Психикалық денсаулық орталығының нашақорлық бөлімінің меңгерушісі Е.Ерсінбекұлы: «Нашақорлық жастардың арасында өршіп келе жатқан дерттердің бірі. Мұндай жағдайға олар біріншіден білмегендіктен, екіншіден қызығудан, еліктеуден барады. Сондай-ақ ақпаратты өзінің ортасынан, интернет желісінен жинағандықтан да осындай дертке шалдығады. Сонымен қатар, бұл ауруды емдеу өте қиын. Жастар ақпараттарды сенімді ақпарат көздерінен, мамандардан алса, бұл дертті алдын алуға болады. Сондықтан біздің орталықтың қызметкерлері жоғары, орта арнаулы және жалпы білім беретін оқу орындарында семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер өткізеді» - деп ақпараттық іс-шаралардың маңыздылығын айта кетті.

Шымкент қаласы ЖИТС орталығының мамандары осы іс-шараға белсенді қатысты.

Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды стигмалау және кемсіту, алкогольді ішімдіктерді ішу және есірткілерді тұтыну қауіптілігі, адамның психоактивті заттардың әсерінен АИТВ жұқтыру қаупінің бірнеше есе жоғарылауын, атап айтқанда өзін басқара алмау және жиі кездейсоқ қорғалмаған жыныстық қатынасқа түсуге әкелетіні туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, өз мәртебесін білгісі келген әрбір адамға 4-ші буын тест-жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ-ға антиген мен антиденелерді анықтау үшін экспресс-тестілеу ұсынылды, соның арқасында талдау нәтижесін 20 минут ішінде алуға болатыны көрсетілді.