2026 жылғы 15 қазанда Шымкент қаласындағы «Энергетика және байланыс» колледжінде АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі А. Джарасбай өткізді.
Дәрістің мақсаты:
Қатысушыларға АИТВ туралы түсінікті ақпарат беру, инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру, сондай-ақ денсаулықты сақтаудың маңыздылығын ұғындыру.
Дәрістің барысы:
Дәріс барысында қатысушыларға АИТВ ұғымы түсіндіріліп, оның адам ағзасына әсері туралы мәлімет берілді. АИТВ-ның берілу жолдары мен жұқпайтын жағдайлары қарастырылып, инфекцияның алдын алу әдістері туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар қатысушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және сенімді ақпарат көздерін пайдалану қажеттілігі түсіндірілді. Дәріс соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, тақырыпты бекітуге бағытталған шағын ойындар ойнатылды.
Дәрістің нәтижесі:
Дәріс нәтижесінде қатысушылар АИТВ инфекциясы туралы білімдерін толықтырып, оның алдын алу жолдарымен танысты. Инфекцияның таралуына қатысты дұрыс ақпараттың маңыздылығы түсіндіріліп, денсаулықты қорғау және алдын алу шараларын сақтау қажеттілігі атап өтілді.
Автор: А. К. Джарасбай педагог

