«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shymaids.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.185): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/shymaids.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Абай» саябағында «Жастар салауатты өмірді қолдайды» тақырыбында науқан өтті.
Іс - шараның контингенті: «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің қызметкерлері, жоғарғы оқу орын студенттері, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен мектеп оқушылары, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы жаттықтырушылары мен спортшылар, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының медициналық жедел жәрдем көрсету дәрігерлері мен басқа да медициналық қызметкерлер болды. Жалпы іс - шараға қаланың - 1000 шақты жастары жұмылдырылды.
Аталмыш іс - шараның мақсаты: жастарды денсаулық сақтау мәселелеріне назарларын аудару, денсаулықтарын күтуге ынталандыру, жұқпалы аурулардың алдын алу туралы ақпарат беру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. 
Науқан, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы жаттықтырушыларының сүйемелдеуімен 10 минуттық таңғы жаттығу жасаумен басталынды. Жаттығуға келгендердің барлығы жаппай қатысты.
Іс - шара барысында каратэ, Street workout спорт түрлерінен спортшылар өнер көрсетті. Медициналық жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсету әдістері түсіндірілді. Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының медициналық жедел жәрдем көрсету дәрігерлері жастарға медициналық қызметтер (қан қысымын өлшеу, қандағы қант деңгейін анықтау т.б.) ұсынды. Денсаулыққа пайдалы тамақтану мен физикалық белсенділіктің маңыздылығын түсіндірді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қызметкерлері - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен көрсетілетін медициналық қызметтер жөнінде ақпарат берді.
Аталмыш іс - шараға ЖИТС орталығының мамандары да атсалысты. АИТВ - инфекциясын алдын алу туралы ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өз мәртебесін білгісі келген әрбір адамға 4 - ші буын тест - жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ - ға антиген мен антиденелерді анықтау үшін экспресс - тестілеу ұсынды, соның арқасында талдау нәтижесін 20 минут ішінде алуға болатынын көрсетті. 
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ - нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің инспекторы Н. Б. Абдіғаппарұлы:
- «7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткен «Жастар салауатты өмірді қолдайды» атты акция жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс - шара барысында жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден сақтану, ақпараттық және профилактикалық көмек көрсету бағытында маңызды жұмыстар атқарылды. Әсіресе, ЖИТС орталығы мамандарының АИТВ жұқпасына жедел - тест арқылы тексеру жүргізіп, кеңес беруі - жастар үшін өте пайдалы әрі маңызды болды. Бұл шара жас ұрпақтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына түрткі болды. АИТВ - ның алдын алу, ерте анықтау және оның салдары туралы жастарға ашық әрі нақты ақпарат беру – қоғам үшін өзекті міндеттердің бірі. Осындай ауқымды акциялар жастардың салауатты өмір салтын ұстануына оң әсер ететініне сенемін» - деп, жиынның жастарға пайдалы болғанын атап өтті.
Автор: Э.С.Ахмедова ЖИТС орталығының маманы