Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 25.02.2026 ж. Мирас университеті студенттер арасында «АИТВ/ЖИТС-тің және нашақорлықтың зияндылығын насихаттау» мақсатында семинар өткізілді. Семинарға Психикалық денсаулық сақтау орталығының маманы және «ЖИТС- тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Д.Ибайдуллаеваның қатысуымен өтті.
Іс шараның мақсаты –жастар арасында АИТВ инфекциясын алдын алу,нашақорлықтың зияндылығын түсіндіру және денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау.
АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу, АИТВ-мен өмір сүретіндерді кемсіту мен таңбалаудан қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
АИТВ-ның алдын алу бойынша парақшалар таратылды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп қанағаттандырылды.
Автор: Д.А. Ибайдуллаева педагог

