12.11.2025 жыл Шымкент қаласындағы Ұлықбек атындағы №3 орта білім беретін мектепте ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталықтың ұйымдастыруымен және «Жастар денсаулық орталығының» психолог, дәрігер урологы, №13қалалық емхананың дәрігер инфекциянист мамандарының қатысуымен жастардың арасында 1-ші желтоқсан «Дүние жүзілік ЖИТС-пен күрес күні» тақырыбымен «Қиындықтардан-өзгерістерге АИТВ-ға жауап ретінде» ұранымен және АИТВ-инфекцияның алдын алу бойынша дәріс өткізілді.
Іс шараның мақсаты - жастар арасында АИТВ инфекциясын алдын алу және денсаулығын қорғау және адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Мақала авторы: Ибайдуллаева Д.

