14 қазан күні Шымкент қаласының №3 емханасына қарасты Сұнқар жастар денсаулық орталығында ашық есік аясында «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді.
Баяндамашы – Есенбеков Талғат Абдрасилович, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиологі.
Іс-шараның мақсаты – жастарды АИТВ-инфекциясы туралы негізгі түсінік беру, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын жеткізу, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін азаматтарды таңбалау мен кемсітуді болдырмау.
Дәрісте қамтылған тақырыптар:
– АИТВ-ның жұғу және жұқпау жолдары;
– Жастар арасындағы негізгі қауіп факторлары;
– Алдын алу шаралары мен қауіпсіз мінез-құлық;
– Стигма мен кемсітушіліктің зияны.
Қатысушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Елшібай Шоқан Елібайұлы эпидемиолог көмекшісі ерікті жедел тест жүргізді.

