«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-да жанасуға дейінгі профилактика (әрі қарай ЖДП) жүргізілуде.
ЖДП – адамның иммун тапшылығы вирусын (әрі қарай АИТВ)   жұқтырудың алдын алу үшін жұқтырмаған адамдарға қолданылатын антиретровирустық терапия. ЖДП жаңа дәрі емес. Бұл АИТВ-ның алдын алудың қосымша әдісі, екі антиретровирустық препараттың (тенофовир/ эмтрицитабин) комбинациясын бір таблеткамен қабылдау. ЖИТС орталығы 2021 жылы ЖДП терапиясын жұптарының бірінде АИТВ бар адамдарға қолданып, тәжірибе жүргізді. Нәтижесінде АИТВ бар науқастан дені сау жұбайына вирус жұқпағаны белгілі болды. АИТВ жылдам өзгеріп отыратындықтан, оған қарсы вакцина жоқ. Алайда ЖДП терапиясы жақсы нәтиже бергендіктен ЖИТС орталығы  2026 жылы жанасуға дейінгі профилактиканы кең ауқымда жүргізуде. 
2026 жылы 1 тоқсанда 329 адам қабылдаса, қазіргі уақытта, бүгінгі күнді қосқанда орталықта 427 адам ЖДП терапиясын қабылдап жатыр.
Бүгінде барлық ЖДП қабылдаушылар қауіпті вирусты жұқтырмай, денсаулықтары сау, толыққанды өздерін жақсы сезініп, өмір сүруде. 2026 жылы Шымкент қаласының ЖИТС орталығы 1293 -ден астам адамдарға ЖДП жүргізуді жоспарлауда,  болашақта көптеген адамдарға көмектесе алатынына сенімді.
ЖДП АИТВ-инфекциясының елеулі қаупі бар барлық адамдарға (ерлер де, әйелдер де) арналған, соның ішінде: АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жыныстық серіктестері (әсіресе, егер АИТВ жұқтырған серіктес АРТ-ны қабылдамаса немесе вирустық жүктемесі жоғары болса); презервативтерді үнемі және дұрыс қолдана алмайтын адамдар жыныстық қатынастың травматикалық түрлерімен айналысады немесе алкогольдік, не есірткілік мас күйінде жыныстық қатынасқа түседі; жыныстық жолмен берілетін бірнеше инфекциясы бар адамдар;  есірткіні қолданған кезде басқа адамдардың инелерін, шприцтерін немесе басқа құрылғыларды қолданатын адамдар.
ЖДП бастау үшін Сіз дәрігердің кеңесінен өтуіңіз керек, ол ЖДП-нің ең оңтайлы схемасын таңдауға көмектеседі.
ЖИТС орталығында емдеу ТЕГІН жүргізіледі