Бүгінде заманауи медицина жетістіктерінің арқасында АИТВ-инфекциясы бақыланатын аурудың қатарына қосылды. Антиретровирустық препараттармен (АРВП) емдеуді уақытында бастап, дәрігердің барлық нұсқауларын орындаса, АИТВ жұқтырған жандар ұзақ және толыққанды өмір сүре алады. АИТВ – мен өмір сүретін адамдарды емдеу барысын қадағалау үшін зертханалық талдау жүргізудің маңызы зор. Бүгінгі таңда зертханалық зерттеулер жүргізу үшін заманауи диагностикалық анализаторлар бар.
Шымкент қаласы ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасында LIAISON XL автоматты ИХЛА анализаторы, ALINITY I HIV автомат иммунохемилюсценттік талдағышы, MAGLUMI X3 автоматты ИХЛА, BIO-RAD жартылай автоматты анализаторлар іске қосылған.
Анализатордың артықшылығы анализ қортындысын жылдам, кез келген қоспаның түсуіне, биологиялық материалдың (қанның) бір-бірімен арласып кетуіне жол бермейді. АИТВ инфекциясын ерте диагностикалауға, күмәнді нәтижелерді төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар, аталмыш анализаторлар сенімді деректерді ұсынуға, зертхана операторының жұмысын жеңілдетуге және диагноз қоюдағы қателіктерді азайтуға бағытталған. Бұл өз кезегінде пациенттерді емдеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етті. Зертхананың тиімділігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді, пациенттер мен дәрігерлерді дәл, уақтылы және толық зертханалық ақпаратпен қамтамасыз етуге септігін тигізді. Бүгінде ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасы бір күнде 2000 жуық талдау жасап, дер кезінде науқастарға талдаудың нәтижесін беруде.
Зертхана маманы С.Д.Сметова аталмыш анализаторлардың жұмыс істеуін бақылайды. Сондай-ақ Шымкент қаласының ЖИТС орталығында және барлық медицина мекемелеріндегі зертханалық зерттеу жүйесі бағдарламасын бақылау және мәселелерді шешу жолдарын, Шымкент қаласының барлық медициналық ұйымдардың (МҰ) қызметкерлерін АИТВ-инфекциясына респид тесттерді орнатуды өткізу және оқыту, АИТВ инфекциясының бірінші – оң көрсеткен қан үлгілерін мониторингілеу, АИТВ-инфекциясына тез тексеру (ВПО/ DTS) әдісі бойынша құрғақ түтіктермен экспресс-тест жүргізу, Шымкент қаласының барлық МҰ АИТВ инфекциясына биоматериалдардың алуын, гепатит және инфекциялық ауруларды талдауды бақылайды.
С.Д.Сметова еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына зор үлес қосқан ерен еңбегі үшін Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі табыс еткен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.