Қазақстан президенті Қасым – Жомарт Тоқаев коронавирустың әсерінен туындаған төтенше жағдайға байланысты Қазақстанда медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартты. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде мәлімдеді. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырамын", - деді мемлекет басшысы үндеуінде.