Шымкент қаласында «Созылмалы вирустық гепатитті диагностикалау және емдеу бойынша заманауи нұсқаулар» тақырыбында семинар өтті. Аталмыш іс-шараға гастроэнтерологтар, гепатологтар, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар қатысты
Іс-шараның мақсаты: «Шұғыл анықтау және емдеу», гепатитпен ауратындарды ертерек анықтап, диагностикалау, емдеу жолдарын талқылау.
Семинар барысында мамандар тәжірбие, біліктерімен бөлісті. Иммунохроматографиялық талдау әдісімен сарысу, плазма (ЭДТА, гепарин, натрий цитраты бар) немесе тұтас (веноздық немесе капиллярлық) қан үлгілерінде В, С гепатиті вирусына (HCV, HBsAg) антиденелерді бір сатылы сапалы анықтауға арналған экспресс тесттермен қалай жұмыс жасау керектігі айтылып көрсетілді.
ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері М.У.Умирзахова «АИТВ/ВГС қосарланған инфекция жағдайы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада тақырыптың маңыздылығына, АӨА ішінде ВГС диагностикасының көрсеткіштеріне (01.01.2026ж.), 2024ж., 2025ж. АИТВ/СВГС коинфекциясына, қиындықтармен шешу жолдарына тоқталды.
Бүгінде қосарланған АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы, гепатит В (АИТВ/ВГ) аурулары бойынша ЖИТС орталығының емдеу алдын алу жұмыстармен диспансерлеу бөліміндегі дәрігер-инфекционистер АИТВ мен өмір сүретін адамдарды бақылап отырады. АИТВ/ВГВ анықталған жағдайда орталықта антиретровирустық терапияның (АРТ) құрамында вирусты гепатит В-ға әсер ететін дәрілер арнайы тағайындалып екі ауруды бірдей емдейді. Ал АИТВ/ВГС (гепатит С) анықталған жағдайда әр АИТВ мен өмір сүретін адамдармен жергілікті емхана дәрігерлерімен бірлесе отырып толықтай диагностикадан өткізіп ем тағайындалуда. Қазіргі кезде ВГС емнің тиімділігі өте жоғары болуда.

