Ұллтық ұлан әскери бөлім 6506, әскери борышын орындап жатқан офицер,сержант және жас сарбаздар арасында ақпараттандыру, АИТВ-инфекция проблемаларына қоғамның назарын аудару мақсатында іс-шара өткізілді.
Баяндамашы – Есенбеков Талғат Абдрасилович, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиологы.
Іс-шараның мақсаты – әскердегілерге АИТВ-инфекциясы туралы негізгі түсінік беру, алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын жеткізу, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін азаматтарды таңбалау мен кемсітуді болдырмау.
Іс-шарада қамтылған тақырыптар:
– АИТВ-ның жұғу және жұқпау жолдары;
– Халық арасындағы негізгі қауіп факторлары;
– Алдын алу шаралары мен қауіпсіз мінез-құлық;
– Стигма мен кемсітушіліктің алдын алу.
Қатысушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

