«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарға қолдау көрсететін, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға және психологиялық әл-ауқатты нығайтуға көмектесетін  9 «Жастар денсаулық орталығы» (ЖДО)  жұмыс істейді.
Жастар денсаулық орталықтары — жалпы   репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша 10 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға және 18 бен 29 жас аралығындағы жастарға медициналық, емдік-профилактикалық көмек, психоәлеуметтік және құқықтық қызмет көрсетеді.

ЖДО-ның  мақсаты - жастарды жыныстық және репродуктивті денсаулық және психологиялық салауаттылық мәселелері бойынша хабарларын арттыру, жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды алдын алуға, денсаулықты сақтау көзқарастары мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

Орталықта тегін кеңестер, психологиялық қолдау, репродуктивті денсаулыққа қатысты қызметтер ұсынылады. 
Шымкент қаласының ЖИТС орталығының гинеколог,  дерматовенеролог, психолог  мамандары жастар денсаулық орталықтарында айына бір рет медициналық және психоәлеуметтік көмек пен консультация жүргізеді.  Алғаш  келген жасы 18-ден асқан жастарға  сілекей  немесе саусақтан (тері қабатын тесу арқылы) қан алу арқылы  экспресс-тесттен тексерілу  ұсынады.  АИТВ-ның алдын алу туралы ақпарат береді, дәріс өткізеді, бейнероликтер көрсетеді, буклеттер,  парақшалар, брошюралар береді.

Жастар денсаулық орталығына жүгінген бір жасөспірім: «Орталықта денсаулығыма қатысты маңызды ақпараттар мен кеңестер ала алдым.  Мұнда  достық пен қолдау атмосферасы орнаған, әрі қызметкерлер мәліметті құпия сақтайды. Сондықтан қиындықтарыммен еркін бөлісе алдым.   Мамандар сенімді, сыпайы, кәсіби шебер, әрбір сұраққа жан-жақты жауап беруге дайын»-деп, өз ризашылығын білдірді.

Жастар денсаулық орталығының координаторы А. Тілеубековна «Мен, жастар денсаулығы бойынша жобаның координаторы ретінде, қаладағы 9 - орталықтың жұмысына оң баға беремін. Мұнда жастарға арнайы мамандар  гинеколог, уролог, дерматовенеролог, заңгер кеңес береді, сонымен қатар сенім телефоны да жұмыс істейді.
Орталықтың мамандары өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, жастармен тиімді қарым-қатынас орната біледі және ақпараттық - ағартушылық жұмыстарды сапалы жүргізеді. Орталықтың қызметі жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті, психикалық және әлеуметтік денсаулығын нығайтуға бағытталған. Әсіресе психологиялық көмек пен кеңес беру бағытындағы жұмыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді.  Мұнда жастар үшін жайлы атмосфера қалыптасқан, ешқандай ұялу немесе ыңғайсыздық сезімі болмайды. Бұл орталық – денсаулығына бей-жай қарамайтын әрбір жасқа қажет орын деп санаймын. Жалпы қала бойынша өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын, дағдыларын қалыптастыру  және оларды қызықтыру, еліктіру  мақсатында ЖДО мамандары семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, денсаулық мектептеріндегі сабақтар, ашық есік күндері, диспуттар,  кездесулер, жасөспірімдер мен  спорттық іс-шаралар, интерактивті тренингтер, қашықтықтан кеңес беру, басқа іс-шаралар өткізуде. Аталмыш  іс-шаралар  жастардың сүйікті аллеясы «Арбатта», тағы басқа қоғамдық орындарда,  алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында, білім беру саласында ұйымдастырылуда. Сондай-ақ жастардың  өмірлерінің бір бөлшегіне айналған әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, TikTok),  ақпараттар жарияланады. Алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеп, жастардың денсаулығын жақсарту бағытында жаңа жобаларды жүзеге асырататынымызға сенімдімін» - деп, пікірін білдірді.