«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shymaids.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

16.07.2025 Шымкент қалалық диагностикалық орталықта 2025 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша, мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдардың бірінші басшыларының қатысуымен, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының кезекті алқасы өткізілді. ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары, денсаулық сақтау басқармасының АИТВ бойынша штаттан тыс бас маманы К.Маширов «2025 жылдың 6 айындағы АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелері, шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Республиканың оңтүстік өңірлері, оның ішінде Шымкент қаласы да туу көрсеткіштері бойынша көш бастап тұр (6 айда туылғандар саны – 13379), сондықтан АИТВ-ның вертикалды трансмиссия мәселелерінің маңызды зор. Баяндамада Шымкент қаласында 2025 жылдың 6 айында жаңа тіркелген жағдайларға жас топтары бойынша салыстырмалы талдау жүргізіліп, АИТВ-ның гомосексуалдық және парентеральды берілу жолдарының үлес салмағының динамикасына, медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында жүкті әйелдер мен жыныстық серіктестерін АИТВ-ға тестілеу көрсеткіштеріне назар аударылды. Өлім-жітім көрсеткіштері, сондай-ақ АИТВ диагностикасы жағдайлары талқыланды. АИТВ-ның вертикалды трансмиссия жағдайына егжей-тегжейлі клиникалық және хронологиялық талдау жүргізілді. Талқылау барысында Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.С.Дүйсенбаева: «Жүкті әйелдер мен жыныстық серіктестерін АИТВ-ға тексеру мәселелері денсаулық сақтау басқармасының ерекше бақылауында. Медициналық ұйымдар 4 буынды сертификатталған тест-жүйелермен, антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілген. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру, шұғыл шаралар қабылдау үшін ай сайынғы мониторингті енгізу қажет». Талқылау барысында босандыру мекемелерінің басшылары, анонимділік пен құпиялылық талаптарын сақтай отырып, ЖИТС-орталығынан АИТВ-позитивті жүкті әйелдер туралы ақпаратты ай сайын жолдау мүмкіншілігін қарастыру туралы ұсыныс енгізді. Жеке медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының басшылары АИТВ-ға міндетті тексеру мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу ұсынылды. Талқылау қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарына нақты ұсынымдар жолданды.