АИТВ және нашақорлықтың зияны Шымкентте «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 04.05.2026 ж. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы Шымкент жоғары педагогикалық колледж МКҚК студенттер арасында «АИТВ және нашақорлықтың зияндылығын насихаттау» мақсатында семинар өткізілді. Семинарға Психикалық денсаулық сақтау орталығының маманы мен «ЖИТС- тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Д.Ибайдуллаева қатысты.
Іс шараның басты мақсаты –жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу,нашақорлықтың зияндылығын түсіндіру және денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау.
АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу, АИТВ-мен өмір сүретіндерді кемсіту мен таңбалаудан қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында:
- АИТВ-ның жұғу және жұқпау жолдары түсіндірілді;
- Халық арасында кездесетін негізгі қауіп факторлары талқыланды;
- Алдын алу шаралары (қауіпсіз мінез-құлық, жыныстық сауаттылық, медициналық тексерулер) айтылды;
АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу, АИТВ-мен өмір сүретіндерді кемсіту мен таңбалаудан қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қатысушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Автор: Д.А. Ибайдуллаева педагог

