«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shymaids.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

24 қаңтарда ҚДИАҒО директорының міндетін атқарушы Ұлықбек Шалхарұлы Медеубеков Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен ЖИТС орталығында қызметтік іс-сапарымен болды.

Сапар барысында Ұлықбек Шалхарұлы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбековтың жетекшілігімен өткен өндірістік кеңеске қатысты. Іс-шараға сонымен қатар денсаулық сақтау басқармасының басшының орынбасары Б.Абдуллаев, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ.Нияз, ЖИТС орталығының бас дәрігері Б. Сырбек, бас дәрігерінің орынбасары Қ.Маширов қатысты.

Кездесуде 2024 жылы Шымкент қаласында АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларының орындалу қорытындысы және 2025 жылға арналған міндеттер талқыланды. Талқылау барысында 2025 жылы халықтың негізгі топтары арасындағы іс-шараларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстан бөлінген соммасын (10,265 млн теңге) ұлғайту ұсынылды.

ЖИТС орталығында келесі мәселелер қаралды: 10 жылдан астам антиретровирустық препараттарды қабылдап жүрген АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға арналған дәрі-дәрмектерді, жаңа заманауи технологиямен өндірілген дәрілермен ауыстыру.

Орталықтың материалдық-техникалық базасына, қажеттіліктеріне шолу жасап, ғимаратын реконструкциялау мен зертханалық диагностикалық жабдықталу жағдайларын қарастырды, 2024 жылғы жылдың қорытынды индикаторларына талдау жасап, басымды бағыттарды айқындады.

Ұлықбек Шалхарұлы: «ЮНЭЙДС «95-95-95» стратегиясының бірінші индикаторына қол жеткізу біздің негізгі мақсатымыз болып қала береді. 2025 жылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 90% -ы өз мәртебесін білуі тиіс. Біз сондай-ақ халықтың негізгі топтары арасында профилактикалық бағдарламалардың тиімділігін арттырып, контактіге дейінгі профилактикамен қамтуды 15% -ға дейін кеңейтуге ниеттіміз», - деді.

Жұмыс сапары АИТВ-мен күресуге және осы аурумен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ҚДИАҒО стратегиясын іске асырудағы маңызды қадам болды.