Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ - нің ұйымдастырумен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық МКҚҚ мекемесімен бірлесіп «Парасат» колледжінде, жастар арасында АИТВ - ЖИТС - тың алдын алу бағытында кездесу өтті.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық МКҚҚ эпидемиолог дәрігері - Абдиева Фатима Тыныштыкбаеваның сөзі: «Адам ағзасына вирустың (АИТВ) енуі - адам ағзасына аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС - жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды.
Сонымен бірге ЖИТС - тің алдын алу шаралары және адамдар арасында «Стигма және кемсітушіліктер» болдырмау бойынша айтылды.Өз еркімен тексерілем деушілер жедел тестпен АИТВ инфекциясына тексеріліп,нәтижесін алды.
Мақала авторы педагог: Д. Ибайдуллаева

