2026 жылдың 11 - наурызы күні Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының ұйымдастыруымен курсанттар арасында АИТВ инфекциясын алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрістің мақсаты: тыңдаушылардың назарын белсенді өмір сүруге аудару, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, түрлі зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Іс шара барысында: АИТВ-инфекциясы туралы ақпарат берілді, АИТВ инфкциясын алдын алу және АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», кемсіту, қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Салауатты өмір сүрудің маңыздылығы айтылды.
Сонымен қаттар курсанттар арасында денсаулыққа деген жауапкершіліктерін арттыру, көзқарастарын кеңейту бойынша ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
Автор: Ф.Т. Абдиева эпидемиолог дәрігер

