Күннің ұзаруына байланысты және келушілердің жұмыстан кейін бос уақыттарында келулеріне ыңғайлы болу үшін 1 сәуірден бастап Достастық кабинетінің жұмыс уақыты сағат 19:00 - ге дейін ұзартылды.
Достастық кабинетінің медбикесі сағат 09:00 - 17:00 аралығында тіркеу, қан сынамасын алу қызметін көрсетеді. Сағат 13:00 - ден 14:00 - ге дейін үзіліс. Сағат 12:30 – 19:00 дерматовенеролог дәрігер қабылдайды.
Шымкент қаласының ЖИТС орталығында «Достастық кабинеті» еріктілік және құпиялылық қағидасы бойынша ТЕГІН АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясын жұқтырғандарға және халықтың негізгі топтарына (инъекциялық есірткіні тұтынатындар, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер, секс жұмыскерлері, трансгендер адамдар) жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулар кезінде профилактикалық және емдеу - диагностикалық көмек көрсетеді.
Достастық кабинеті төмендегідей қызмет түрлерін ұсынады:
Жоғары санатты дерматовенеролог пен гинекологтың қабылдауына жазылу;
АИТВ - ға тестілеу (жедел - тест, ИФА);
Пациенттерді АИТВ туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың қаупін азайту жолдары, жүктіліктің алдын алу әдістері;
АИТВ мәселелері бойынша тестке дейінгі және тесттен кейінгі психологиялық кеңес беру;
Жанасуға дейінгі және жанасудан кейінгі профилактика жүргізу;
Урогенитальды (гинекологиялық) жағындыларды тексеру;
ИФА және микрореакциялар арқылы мерезді диагностикалау;
ПТР арқылы хламидиозды диагностикалау;
ПТР арқылы трихомониазды диагностикалау;
Гонореяны ПТР әдісімен диагностикалау;
ПТР арқылы уреаплазмозды диагностикалау;
ПТР арқылы герпес диагностикасы;
В, С вирусты гепатиттеріне ИФТ және ПТР арқылы тексеру;
Жүктілікке жылдам тестілеу;
Жыныстық жолмен берілетін (мерез, хламидиоз, гонорея, жыныстық герпес және т.б.) инфекцияларды емдеу.
Шымкент қаласы ЖИТС орталығында достастық кабинеті жұмыс істейді
Достастық кабинеті жыныстық жолмен берілетін инфекциялар арқылы берілетін (ЖЖЖИ - жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар) мен АИТВ инфекциясы ( адамның иммун тапшылық вирусы) халықтың осал топтары арасында таралу қаупін азайту мақсатында құрылған.
Достастық кабинетінің көрсететін барлық қызметі тегін және анонимді негізде, халықтың осал топтарына (инемен есірткі тұтынушылар, секс қызметкерлері), ЖЖЖИ емделуді ұсынады.
Кабинетте дерматовенеролог дәрігері қызмет көрсетеді.
Пациенттерге АИТВ - жұқтырудың қаупін төмендететін, АИТВ - инфекциясы, ЖЖЖИ, жүктілікті болдырмауға бағытталған әдістер, АИТВ - ға тестілеу туралы ақпарат береді.
АИТВ/ЖИТС бойынша психологиялық, тестілеуге дейінгі және одан кейінгі консультациялар өткізеді.
Қажеттілікке байланысты, білікті медициналық көмек алуы үшін тері - венерологиялық және тағы басқа медицина ұйымдарына жолдайды.
Егер сіз ресми түрде құжат алғыңыз келсе, тіркеу үшін ЖСН нөміріңіз қажет болады. Сізге берілген ақпарат құпия түрде сақталынады. Құпия ашылған жағдайда ЖИТС орталығының қызметкерлері жауапқа тартылады.
Достастық кабинеті Шымкент қаласы ЖИТС орталығында қызмет көрсетеді.
Мекен - жайы: Шымкент қ., Кремль көш., 11 - үй. Жұмыс уақыты: сағат 9.00 - ден 17.00 - ге дейін, үзіліс: сағат 13.00 - ден 14.00 - ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.