Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі А.Джарасбай дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Жастарға АИТВ инфекциясы туралы түсінік беру, оның жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау.
Дәрістің барысы: Дәріс барысында инфекцияның таралу жолдары, жұғу қаупі, қорғану әдістері және медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы түсіндірілді. Тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық материалдар таратылды. Оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Дәрістің нәтижесі: Дәріс нәтижесінде оқушылар АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары туралы білімдерін толықтырды. Денсаулықты қорғау, жеке қауіпсіздікті сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсінді.

