Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының 28.01.2025 ж. №29- н/қ бұйрығын орындау мақсатында «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» МКҚК маманы «Альфамед» медициналық орталығында медициналық қызметкерлеріне оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары «әдістемелік ұсынымдары бекіту туралы талаптары» ҚРДСМ-303/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» және ККП АИТВ инфкциясын алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары өткізілді. «Альфамед» медициналық орталығында медицина қызметкерлері арасында «АӨА және ХНТ стигма және кемсітушіліктер», «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің профилактикасы», және АИТВ-инфекциясын диагностикалау, алдын алу, емдеу және біріктірілген аурулар тақырыбында семинар өткізілді.
Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова