Шымкент қалалық ЖИТС орталығында «Дені сау ұрпақ» тақырыбында «Ашық есік күні» науқаны ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға АИТВ статусын анықтау мүмкіндігін беру, АИТВ-ның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру.
Бұл күні, гинеколог және достастық кабинетінің мамандары кеңес беріп, тұрғындарға қажетті ақпараттар ұсынды.
70 адам жедел тестілеуден өтіп, өз АИТВ статусын білді.
10 адам гинеколог дәрігерден кеңес алды.
8 адам достастық кабинетіне жүгінді.
Барлық сынамалар жасырын түрде қабылданды.
ЖИТС орталығы АИТВ-инфекциясын диагностикалау, емдеу және алдын алу шараларын тегін медициналық көмектің кепілді көлемінде көрсететінін еске саламыз.
Деніміз сау болсын!
Мақаланың авторы: ЖИТС орталығы профилактикалық жұмыстар бөлімі меңгерушісінің м. а
Ф. Т. Абдиева