Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің эпидемиолог дәрігері Ф.Т. Абдиева, зертхана маманы С.Д.Сметова қалалық № 4 емхананың медициналық қызметкерлеріне науқастарды АИТВ инфекциясына клиникалық көрсеткіштерге сәйкес , сонымен бірге жедел тест қою арқылы тексеруді жүргізу бойынша оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
Семинардың мақсаты: АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары «әдістемелік ұсынымдары бекіту туралы талаптары» ҚРДСМ-303/2020 Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы түсінік беру, апаттық жағдайлар анықталған кезде жанасудан кейінгі профилактиканы ұсыну.
Іс-шараның барысында медицина қызметкерлерінің АИТВ инфекциясы бойынша ағымдағы жағдай туралы хабардар болу деңгейін арттыру, АИТВ-ның оң мәртебесі бар адамдарды ерте анықтау, сондай-ақ диагностиканың, емдеудің және профилактиканың жаңа әдістерін таныстыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигматизация (таңбалау) мен кемсітушілікті төмендету, антиретровирустық терапияның маңыздылығы жайында мәлімет беру. АИТВ-инфекциясын зертханалық тексерудің аналитикалық алдындағы кезеңі түралы, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу (талдау және нәтижелерді бағалау) түсіндіріліп, дәріс оқылып, тәжірибе түрінде сабақ жүргізілді.
Автор: дәрігер эпидемиолог Ф.Т. Абдиева, С.Д. Сметова

