Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының 26.01.2026 ж. №28- н/қ бұйрығын орындау мақсатында «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің эпидемиолог дәрігері Ф.Т. Абдиева қалалық № 3 емхананың медициналық қызметкерлеріне оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
Семинардың мақсаты: АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары «әдістемелік ұсынымдары бекіту туралы талаптары» ҚРДСМ-303/2020 Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы түсінік беру, авариялық жағдайда жанасудан кейінгі профилактика ұсыну.
Іс-шараның барысында медицина қызметкерлерінің АИТВ инфекциясы бойынша ағымдағы жағдай туралы хабардар болу деңгейін арттыру, АИТВ-ның оң мәртебесі бар адамдарды ерте анықтау, сондай-ақ диагностиканың, емдеудің және профилактиканың жаңа әдістерін таныстыру, пациенттерді жүргізудің пәнаралық тәсілін қалыптастыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигматизация (таңбалау) мен кемсітушілікті төмендету, антиретровирустық терапияның маңыздылығы жайында мәлімет беру. АИТВ-инфекциясын зертханалық тексерудің аналитикалық алдындағы кезеңі түралы, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу (талдау және нәтижелерді бағалау) түсіндіріліп, дәріс оқылды.
Автор: дәрігер эпидемиолог Ф.Т. Абдиева

