«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының 12.03.2026 ж. №28- н/қ бұйрығын  орындау мақсатында «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің эпидемиолог дәрігері Ф.Т. Абдиева, инфекционист дәрігері Б.С. Бактыбаева, зертхана маманы С.Д.Сметова қалалық перинатальдық орталықтың медициналық қызметкерлеріне  оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді. 
Семинардың мақсаты: АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары «әдістемелік ұсынымдары бекіту туралы талаптары» ҚРДСМ-303/2020 Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы түсінік беру, авариялық жағдайда жанасудан кейінгі профилактика ұсыну.
Іс-шараның барысында медицина қызметкерлерінің АИТВ инфекциясы бойынша ағымдағы жағдай туралы хабардар болу деңгейін арттыру,  АИТВ-ның оң мәртебесі бар адамдарды ерте анықтау, сондай-ақ диагностиканың, емдеудің және профилактиканың жаңа әдістерін таныстыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигматизация (таңбалау) мен кемсітушілікті төмендету, антиретровирустық терапияның маңыздылығы жайында мәлімет беру. 
Зертхана маманы С.Д. Сметова  АИТВ-инфекциясын зертханалық тексерудің аналитикалық алдындағы кезеңі туралы, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу (талдау және нәтижелерді бағалау), сыртқы сапаны бағалау  (СПБ – кептірілген түтік үлгілері) бойынша ақпарат берді. Сонымен бірге инфекционист дәрігері Б.С. Бактыбаева  перинатальдық орталықта В-20 «Д»  есепте тұратын әйелдер босануға түскенде және АИТВ тексерілу қорытындысы жоқ немесе жыныстық серіктестері текесерілмеген әйелдерді АИТВ инфекциясына тексеруді. АИТВ инфекциясына байланысты АРВ препараттарының таусылмайтын қоры болу керектігі туралы баяндама жасады.

Автор: дәрігер эпидемиолог Ф.Т. Абдиева