Шымкент қаласының мәслихатыnқолдауымен «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, жергілікті бюджет қаражаты есебінен, Шымкент қаласының мемлекеттік медициналық ұйымдардың 19 маманын біліктіліктерін арттыру мақсатында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласына оқуға жіберді.
Соның ішінде Шымкент қаласының ЖИТС орталығынан бас дәрігердің медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары А.Ж.Медетова, емдеу алдын алу жұмыстармен диспансерлеу бөлімінің меңгерушісі Ж.И. Сапарова, инфекционист дәрігер М.Ү.Умирзахова Сеченов атындағы бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің (Сеченов университеті) Мәскеу қаласының денсаулық сақтау мемлекеттік бюджеттік мекемесі «Мәскеу қалалық денсаулық сақтау басқармасының №2 жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасы» базасында 15 қыркүйектен бастап білім алуда.
Қазіргі таңда ЖИТС орталығының мамандары «АИТВ-инфекциясының заманауи мәселелері» тақырыбында біліктіліктерін арттыруда.
Шетелде жинақталған тәжірибе АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, алған білімдерін әріптестермен бөлісуге, Орталық жұмысына соңғы технологияларды енгізуге мүмкіндік беред.
Білімін жетілдіріп жүрген ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары А.Ж.Медетова: «Жұқпалы аурулар кафедрасының білікті оқытушылары АИТВ-инфекциясымен ауыратын науқастарды диагностикалау және емдеу жетістіктерімен бөлісуде. Мұнда 3 бөлімнен тұратын 60 төсектік аурухана бар. Онда әртүрлі оппортунистік инфекцияларға шалдыққан АИТВ-мен өмір сүретін науқастар ем алады. Сонымен қатар интенсивті (шұғыл) терапия бөлімі де науқастарға қызмет көрсетеді. Осындай күрделі де шұғыл жайтта көрсетілетін әдістерді меңгергенім өз маманымның шебері болуға және АИТВ –ны емдеу саласында үздік нәтижелерге қол жеткізетініне сенімдімін», - деді.

