24 және 25 шілде Шымкент қаласында Денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасымен «Серіктестерді тексеру – ана мен баланың денсаулығын қорғаудағы маңызды қадам» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала» бөлімінің бас маманы Б. Қайып, штаттан тыс лаборант дәрігері Н. Бердиярова, мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың АИТВ-инфекциясына жауапты мамандары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жүкті әйелдер мен олардың серіктестерін АИТВ инфекциясына уақтылы тексеру жұмыстарын жетілдіру, ҚР ДСМ 27.11.2020ж. №211/2020 бұйрығы, сондай-ақ емдеу-алдын алу ұйымдарының арасындағы преаналитика, ықпалдастықты арттыру.
Семинар барысында АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, №211/2020 ҚР ДСМ бұйрығы аясында алғашқы медициналық көмектің рөлі, зертханалық диагностика және преаналитикалық кезең талаптары, рецепиенттермен жұмыстың тиімді тәсілдері, АИТВ өмір сүретін адамдарды Д-есепке ал, қадағалау және АРВ терапияны жүргізу, қайтыс болғандарды талдау, АИТВ жұқтырған әйелдермен кешенді жұмыс, босану кезінде алдын алу шаралары бағыттарында мазұнды баяндамалар ұсынылды.
Семинар қорытындысында қатысушылар тарапынан белсенді пікірталас болып, тәжірибе алмасу мақсатында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды.
- «Семинар біз үшін өте пайдалы болды. Жаңа әдістемелермен танысып, зертхана жұмысына қойылатын нақты талаптарды түсіндік. Біз енді серіктестерді қамтуды жүйелі түрде күшейтеміз», — деді «Медикер ЮК» мекемесінің жауапты маманы Л. Бердибек.
- «АИТВ-инфекциясы – денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағыттағы тиімді алдын алу, уақтылы скрининг пен емдеу жүйесінің дамуы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты кепілі. Шымкент қаласында өткен бұл семинар – медициналық ұйымдардың тәжірибе алмасып, нақты шешімдер қабылдауға арналған маңызды алаңы болды»,- деп Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы Б. Қайып сөзінің соңында атап өтті.