2026 жылғы 20 қазанда Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК бірлесіп, Шымкент қаласындағы Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі А. Джарасбайдың қатысуымен өтті.
Дәрістің мақсаты:
Қатысушыларға АИТВ туралы түсінікті ақпарат беру, инфекцияның берілу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру, сондай-ақ денсаулықты сақтаудың маңыздылығын ұғындыру.
Дәрістің барысы:
Дәріс барысында қатысушыларға АИТВ ұғымы түсіндіріліп, оның адам ағзасына әсері туралы мәлімет берілді. АИТВ-ның берілу жолдары мен жұқпайтын жағдайлары қарастырылып, инфекцияның алдын алу әдістері туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар қатысушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және сенімді ақпарат көздеріне жүгіну қажеттілігі түсіндірілді. Дәріс соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Дәрістің нәтижесі:
Дәріс нәтижесінде қатысушылар АИТВ туралы білімдерін толықтырып, инфекцияның алдын алу жолдарымен танысты. Денсаулықты қорғау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және дұрыс ақпаратты күнделікті өмірде қолданудың маңыздылығы түсіндірілді.
Автор: А. К. Джарасбай, педагог

