Алдын алу - салауатты өмірдің негізі
Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде Дүниежүзінде ЖИТС-тен құрбан
болғандарды еске алу күні ЖИТС-тің таралуын тоқтату, қоғамның назарын адамның иммун тапшылығы вирусымен (әрі қарай - АИТВ) өмір сүретін адамдардың проблемаларына аударту және АИТВ-ның алдын-алу жұмыстарын күшейту жолымен өткізіледі.
Шымкент қаласының ЖИТС орталығында 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы АИТВ - мен өмір сүретін адамдар арасында профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Қала бойынша АИТВ-мен өмір сүретіндердің статистикалық мәліметтері талданды, АИТВ-ға тестілеуді және жанасуға дейінгі профилактиканың (ЖДП) қамтуын арттыру үшін негізгі мақсаттар анықталды. АИТВ, AРT және ЖДП бойынша тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде негізгі популяциялар арасында АИТВ-ға тестілеуді, анықтауды және ЖДП-ға қатысуды арттыруға әкелді.
Халыққа «Сенім пункттері» мен жылжымалы зертханалар арқылы жақын жерде тестілеу ұсынылған. Сонымен қатар, ЖИТС орталықтарында және емханаларда ерікті түрде, анонимді және тегін тексерілу мүмкіндіктері де қарастырылған.
Орталықтың зертханасында иммунологиялық қан анализіне арналған заманауи құрылғы - Sysmex XF-1600 ағынды цитометр «IVD Holding» компаниясының демеуімен пайдалануға берілді. Жүйе АИТВ инфекциясы бар науқастардың иммундық жүйесінің негізгі көрсеткіші болып табылатын CD4 жасушаларының санын анықтау үшін қолданылады. CD4 мониторингі аурудың дамуын уақтылы бағалауға және антиретровирустық терапияның тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл науқастардың уақтылы ем алуларына септігін тигізуде.
ЖИТС орталығының бас дәрігері Б.Сырбек: «Мемлекет басшысы өз жолдауында адамдар - біздің еліміздің ең үлкен байлығы екенін айқындай келе, ұлт денсаулығын жақсарту үшін кешенді шараларды жүзеге асыру қажеттілігін атап өткен болатын.
АИТВ-ның алдын алу, диагностикалау және емдеу осы салалардың қатарында. Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өзекті мәселе болып қала береді. 2021 жылы біздің еліміз 2030 жылға қарай жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромын жоюға және Жаһандық стратегияның мақсаттарына қол жеткізуге міндеттенді:
- АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 95%-ы өз мәртебесін білуі керек,
- АИТВ жұқтырғандардың 95%-ы ем алуы керек,
- Пациенттердің 95%-ы тиімді емдеуден өтуі керек.
Бізде мемлекетіміздегі қызметтегі қолданыстағы бұйрықтарға сәйкес қаламызда АИТВ-ны жұқтыру қаупі жоғары топтар арасында эпидемиологиялық ахуал анықталады. Анықталынған әрбір топ үшін біз жеке, тура да дәл профилактикалық іс шаралар атқаруды жоспарлаймыз. Атап айтқанда, егер жұмыспен қамтылған адамдар арасында ауру пайда бола бастаса, біз Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының қолдауымен АИТВ инфекциясын алдын алу мақсатында жұмысшылар арасында іс-шаралар өткіземіз.
Сонымен қатар, жұмыссыз адамдар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында АИТВ анықталса, Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен емдеу мекемелерінде АИТВ инфекциясының жұқтыру жолдарын, алдын алу жайында науқастарға және келушілерге арналған арнайы ақпараттандыру баннерлер орнатылып, қала аумағында халық көп шоғырланған жерлерде әртүрлі науқандар мен тестілеу бойынша іс шаралар жүргізіледі.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бекітуімен анадан балаға берілуінің алдын алу мақсатында арнайы дайындалған «АИТВ-инфекциясы және ЖҮКТІЛІК» жадынама медициналық ұйымдарда жүкті әйелдерге ұсынылады.
2026 жылдың 5-ші наурызында жастар арасында АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейту мақсатында Шымкент қаласының Білім басқармасының басшысымен, білім беру мекемелерінің жетекшілерімен, сонымен қатар, педагогтар мен өзге де қызметкерлердің қатысуымен конференция өткізілді. Нәтижесінде Шымкент қаласының білім басқармасының келісімімен мектептерде психолог, валеолог мамандары оқушыларға жүйелі түрде АИТВ инфекциясы жайында мәлімет беріліп жатыр.
Жаһандық қордың демеуімен АИТВ инфекциясын алдын алу мақсатында шығарылған рилстер мен бейнероликтер жоғары және орта оқу орындарында, қала тұрғындары шоғырланған көшелерде орналасқан LED экрандарға қойылды. Сонымен қатар 9 (2025 жылы 5 болған) Жастар денсаулық орталықтарында эпидемиолог дәрігері мен психолог маманы жастар арасында жоспарға сәйкес ай сайын іс-шаралар өткізеді. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты — АИТВ инфекциясының таралуын тежеу, халықты ақпараттандыру және ерте анықтау»,- деді.
Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» 2026 жылы ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, АИТВ туралы халықтың білімдерін арттыруға бағытталған ақпараттық-танымдық іс-шараларды ұйымдастырып, белсенді қатысуда.

