Шымкент каласы денсаулык сактау баскармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық “МКҚҚ, «Қоғамдық денсаулық сақтау институты», Шымкент қалалық СӨСҚ орталығы, «Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемелерімен бірлесіп «Орта Азия» медициналық колледжі студенттерінің арасында «Қауіпсіздік маршруты» тақырыбымен АИТВ -ЖИТС алдын алу бағытында акция өткізілді.
Шымкент каласы денсаулык сактау баскармасынын «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық “МКҚҚ эпидемиолог дәрігері - Абдиева Фатима Тыныштыкбаевнаның сөзі: «Адам ағзасына вирустын (АИТВ) енуі - адам ағзасын аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды.
Сонымен бірге адамдар арасында «Стигма және кемсітушіліктер» болдырмау және жыныстық қатынасқа дейінгі, кейінгі профилактикалық шаралар бойынша айтылды.
Мақала авторы дәрігер эпидемиолог: Ф.Т. Абдиева

