2026 жыл 11 наурыз күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында АИТВ/ЖИТС пен нашақорлықтың алдын алу мақсатында Жол көлік колледжінде дәріс өтті.
Іс-шараға “Жастар ресурстық орталығы “ КММ-ның инспектор маманы Қармантай Нұржақсын,Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының дәрігер психиатр наркологы Шаукенбаева Асем Лесбаевна, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының “ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық” дәрігер эпидемиологы Байкасова Айгуль Тулеухановна қатысып, жаман әдеттердің, әсіресе нашақорлықтың адам өміріне тигізер зияны мен тәуелділіктің салдары туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында ЖИТС орталығының маманы кәмелетке толмаған жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат беріп, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. Кері байланыс арқылы жастармен ашық диалог орнап, нақты сұрақтарға маман тарапынан жауап берілді.
Жастар арасындағы нашақорлық пен АИТВ инфекциясы — өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Есірткіні инъекциялық жолмен қолдану ортақ инелер арқылы АИТВ-ның таралуына тікелей әкеледі, ал есірткіге тәуелділік жастардың болашағын, физикалық және психикалық денсаулығын жояды.
Дәрістің мақсаты: тыңдаушылардың назарын белсенді өмір сүруге аудару, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, түрлі зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова

