Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының курсанттары арасында дәріс өткізілді
2026 жылдың 22 – мамыр күні Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының ұйымдастыруымен курсанттар арасында АИТВ инфекциясын алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрістің мақсаты: тыңдаушылардың назарын белсенді өмір сүруге аудару, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, түрлі зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Іс шара барысында: АИТВ-инфекциясы туралы ақпарат берілді, АИТВ инфекциясын алдын алу және АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», кемсіту, қоғамнан алыстатуды алдын алу жөнінде түсіндеру жұмыстары жүргізілді. Салауатты өмір сүрудың маңыздылығы айтылды.
Сонымен қатар курсанттар арасында денсаулыққа деген жауапкершіліктерін арттыру, көзқарастарын кеңейту бойынша ақпараттық танымдық материалдар таратылды.

