Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымы Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.
Бұл – құрмет пен алғысқа бөленген, ақ халатты абзал жандарға арналған мерекені, «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрайымы Б.С.Бақтыбаеваның ұйымдастыруымен ЖИТС орталығы да атап өтті.
Мерекені ЖИТС орталығының бас дәрігері Б. Сырбек алғы сөзбен ашып, медицина қызметкерлерінің адам өмірін сақтау мен қолдауда көрсетіп жүрген ерен еңбектерін атап, мереке күнімен құттықтады.
Мереке барысында С.Д.Сметова ҚР Денсаулық сақтау министрлігі табыс еткен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Б.С. Бақтыбаева, Г.Ө. Абдраманова азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған құрмет грамотасымен, Ф.Т. Абдиева, Б.Д.Майсарова, К.С.Узакова «AMANAT» партиясының жобаларына атсалысып, азаматтардың өмір сапасын арттыруға, денсаулықтарын қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалынан алғыс хатпен, Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасынан К.М.Маширова, Г. Т. Алтынбекова, Н.К.Мирзахамдамова денсаулық сақтау саласында атқарып жүрген қажырлы еңбектері мен кәсіби шеберліктері үшін алғыс хатпен, Р.К. Даулеткулова «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағындағы ерекше жетістіктері үшін «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Г.Ж. Дабарова, Г. Э. Кулметова Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығынан алғыс хатпен, Ж. Т. Ерегенов, М. М. Еримбетов Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК атынан мадақтама грамотамен марапатталды.
«Дені сау ұлт әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді» денсаулық сақтау ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласының медицина қызметкерлері арасындағы спартакиаданың волейбол спорт түрінен 3 орын иегерлері: Б.Сырбек, Т.Мейрханов, Б.А.Тойшыбеков, Г. М. Мустафин, М.Л.Ибраймов, С.С.Оспанов, О.С.Медетов, Д.Б.Серік, Г.С.Орынбай дипломмен дәріптелді.
Медицина қызметкерлері, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға бақыт пен береке, кәсіби қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз!