Шымкент қаласында медицина қызметкерлер күніне орай, емдеу мекемелері арасында «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қол жетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы аясында» спартакиада өтті. Спартакиаданың ашылу салтанатында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыста спорттың волейбол, футбол, үстел теннисі, еркін күрес , гір көтеру, арқан тарту т.б. түрлері жүргізілді.
Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК да спартакиадаға қатысып, волейбол спорт түрінен 3 орынды иемденіп, қола медалімен марапатталды.