«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Ана мен бала денсаулығы - қоғамның басты байлығы

Ана болу - үлкен жауапкершілік. Ал сол жауапкершіліктің ең маңызды кезеңі - жүктілік кезіндегі денсаулықты сақтау. Бүгінде медицина саласында ана мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі - адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ/ВИЧ) инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу.

АИТВ - көзге көрінбейтін, бірақ салдары ауыр инфекция. Ең өкініштісі - ол анадан балаға берілуі мүмкін.

АИТВ инфекциясы тек үш жолмен жұғады:

  • қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы (ең жиі кездесетін жол);
  • қан арқылы;
  • жүктілік, босану және емізу кезінде анадан балаға беріледі.

Алайда заманауи медицина бұл қауіптің алдын алуға толық мүмкіндік береді. Ол үшін ең бастысы - уақтылы және толық тексеруден өту.

Қолданыстағы талаптарға сәйкес, жүкті әйелдер АИТВ-ға екі рет тексеріледі: жүктілік бойынша есепке тұрған кезде және 28 - 30 апта аралығында. Ал олардың жұбайлары (жыныстық серіктестері) кемінде бір рет - әйел есепке алынған кезде тексерілуі тиіс.   Бұл - жай ғана формальды талап емес, болашақ сәбидің өмірі мен денсаулығын қорғаудың нақты жолы.

Неліктен серіктесті тексеру маңызды?

Негізгі мақсат - дені сау ұрпақ қалыптастыру. Осыған байланысты АИТВ - ға қарсы күрестегі ең тиімді бағыт - алдын алу, яғни жүкті әйелдер мен олардың жұбайларын толық қамту.

Бұл шаралар:

  • анадан балаға инфекцияның берілуін болдырмайды;
  • дені сау сәбидің дүниеге келуіне мүмкіндік береді;
  • қоғамда инфекцияның таралуын төмендетеді.

Әрбір ата - ана өз баласының аман - есен дүниеге келуін қалайды. Бұл мақсатқа жету - бүгінгі таңда өз қолымызда. Өкінішке қарай, кейбір ер азаматтар түсінбегендіктен  тексерілуден бас тартып, өз денсаулығына ғана емес, отбасының болашағына да қауіп төндіріп жатады.

Бір ғана талдау - бір баланың тағдырын өзгертуі мүмкін.

Сондықтан жүкті әйелдер мен олардың жұбайларын АИТВ - ға міндетті тексеру - болашаққа жасалған жауапты әрі маңызды қадам.

Шымкент қаласының ДСБ ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының эпидемиолог дәрігері Р.Н.Абиева