«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Әрбір азамат сапалы, қолжетімді және уақытылы медициналық көмек алуға құқылы. Қазақстанда осы мақсатта Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС/ОСМС) енгізіліп, халықтың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам жасалды.
Көптеген азаматтар ЖИТС орталығының қызметі мен МӘМС жүйесінің өзара байланысын толық түсіне бермейді. 
 ЖИТС орталығы қандай қызмет көрсетеді?
          ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы халыққа АИТВ инфекциясының алдын алу, анықтау, диспансерлік бақылау және емдеу қызметтерін тегін көрсетеді. Бұл қызметтер Қазақстан Республикасының кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (ГОБМП) аясында жүзеге асырылады. Яғни, АИТВ инфекциясына байланысты негізгі медициналық қызметтерді алу үшін азаматтың сақтандырылған мәртебесі талап етілмейді. Әрбір адам өзінің әлеуметтік мәртебесіне қарамастан АИТВ бойынша тексерілуге, кеңес алуға және қажетті емді тегін алуға құқылы.
                     Неліктен МӘМС маңызды?
       АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға тек антиретровирустық ем ғана емес, сонымен қатар басқа да медициналық қызметтер қажет болуы мүмкін. Мысалы:
-    кардиологтың консультациясы;
-    эндокринолог, невропатолог, гастроэнтеролог сияқты бейінді мамандардың қабылдауы;
-    компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография сияқты қымбат диагностикалық зерттеулер;
-    жоспарлы операциялар;
-    оңалту қызметтері;
-    созылмалы ауруларды емдеу және бақылау.
Бұл қызметтердің басым бөлігі МӘМС жүйесі арқылы көрсетіледі. Сондықтан азаматтың сақтандырылған мәртебесінің болуы өте маңызды.
                ЖИТС орталығының тәжірибесі не көрсетеді?
       Тәжірибе көрсеткендей, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдар арасында МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар да кездеседі. Мұндай жағдайда науқасқа қажетті қосымша медициналық көмекті алу қиынға соғуы мүмкін.
Мысалы, пациентке жүрек ауруына байланысты кардиологтың кеңесі немесе қант диабеті бойынша эндокринологтың бақылауы қажет болған жағдайда, МӘМС мәртебесінің болуы медициналық көмекті дер кезінде және толық көлемде алуға мүмкіндік береді.Яғни, ЖИТС орталығы АИТВ бойынша тегін көмек көрсеткенімен, пациенттің жалпы денсаулығын сақтау және басқа ауруларды емдеу үшін МӘМС жүйесі үлкен рөл атқарады.
Денсаулық – баға жетпес байлық. Ал МӘМС – сол байлықты сақтауға мүмкіндік беретін сенімді құрал.
                               
        Шымкент қаласының ДСБ ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі
орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі  Р.Н.Абиева