1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай халықтың арасында «ЖИТС-ті жеңу қолжетімділікті қамтамасыз етуден басталады» ұранымен науқан өтті.
2026 жылдың 20 қарашасында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдастырумен Шымкент қаласы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай халықтың арасында «ЖИТС-ті жеңу қолжетімділікті қамтамасыз етуден басталады» ұранымен тақырыбымен науқан өтті.
Бүгінде қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру, сауатты әрі саналы болу және белсенді азаматтық ұстаным таныту — әрбір қазақстандық үшін аса маңызды.
Іс-шара барысында өз денсаулығымызға уақыт бөліп, деніміз сау кезде күтім жасап, уақытылы медициналық тексеруден өтіп тұру керектігі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар тұрғындарға аурудың алдын алудың ең тиімді жолы ретінде жедел (экспресс) тестілеуден өту ұсынылды.
Науқанның басты мақсаты:
- Тұрғындардың, әсіресе жастардың ақпараттану деңгейін арттыру;
- АИТВ/ЖИТС мәселелеріне қоғам назарын аудару;
- Аурудың алдын алу бағдарламаларын қолдау;
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.
Денсаулық — зор байлық. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

