Шымкент каласы денсаулык сактау баскармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық “МКҚҚ, «Қоғамдық денсаулық сақтау институты», Шымкент қалалық СӨСҚ орталығы , «Ай Ана» үкіметтік емес ұйымы (НПО) мекемелерімен бірлесіп «Қажымұқан атындағы» стадионында, жастар арасында «Қауіпсіздік маршруты» тақырыбымен АИТВ -ЖИТС пен нашақорлықтың алдын алу бағытында акция өткізілді.
Шымкент каласы денсаулык сактау баскармасынын «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық “МКҚҚ эпидемиолог дәрігері - Абдиева Фатима Тыныштыкбаевнаның сөзі: «Адам ағзасына вирустын (АИТВ) енуі - адам ағзасын аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды.
Шара барысында ҮЕҰ өкілі С. Ширяевпен жеңімпаздарға сый сияпатын және марапаттаулар ұсынылды.
Мақала авторы дәрігер эпидемиолог: Ф.Т. Абдиева

